31-мамыр - "Саяси қуғын-сүргін және ашыршылық құрбандарын еске алу күні" . "Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр. Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз", - деп жазды президент Қасым-Жомарт Кемел-ұлы Тоқаев. Ағымдағы оқу жылының 31-мамыр күні Чистопол орта мектебінде аталған іс-шараға орай білім алушылармен деректі фильм көрсетілді.