Сақтықта қорлық жоқ
Интернет-сайттарды жариялау арқылы арзан өнімді таптыңыз ба? (OLX, Instagram, Vkontakte ,Kolesa.kz, Крыша.kz және басқа танымал сайттар мен мессенджерлерден) сатушы аванс беруді сұрайды ма? Төлемді беруге асықпаңыз! Сатушыға бейне қоңырау шалып, сатушы мен жеке куәлік иесінің бір адам екеніне көз жеткізіңіз.Сондай-ақ, өнімнің бар екеніне көз жеткізіңіз.
- Сізге хабарлама түсті, немесе банк қызметкерлері қоңырау шалды ма? растау кодтары мен сауалнама деректерін беруге асықпаңыз, Сізбен алаяқтардың сөйлесуі мүмкін екенін ұмытпаңыз!!!
- Кодтар мен карта деректерін жарияламаңыз.
- Банк карталарын бейтаныс адамдарға бермеңіз.
-Банк картасының деректемелерін және CVV кодын бермеңіз, олардың көмегімен алаяқтар сіздің банк карталарыңыздан және электрондық шоттарыңыздан ақша қаражатын ұрлайды.
- Сізге ұтыс туралы хабарлама келді, мүмкін сіз алаяқтардың құрбанына айналдыңыз?
1. Күмәнді аудармалар жасамаңыз.
2. Ресми сайттар арқылы алынған ақпаратты тексеріңіз.
Сонымен қатар, ғаламтор (интернет) желісіндегі алаяқтық қылмыстардың алдын алу мақсатында, Махамбет ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары және криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен бірлесіп, халық көп шоғырланатын жерлерде, орталық алаңдарда арнайы жасақталған жадынамалар таратылып, аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Егер сіз интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз, 102 немесе 2-14-43 телефоны бойынша полиция бөліміне хабарласыңыз
Просмотров: 81
Комментарии